Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай бірқалыпты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай бірқалыпты

04.12.2017

Қазақ-қырғыз жол картасы аясында 50 кешенді іс-шара жүзеге асырылады. Оның ішінде шекара, көлік, фитосанитария, кедендік және әкімшілік салық мәселелері бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздің сарапшылары мәлімдеді. «Жаңа жоба әсіресе, көрші мемлекет үшін тиімді», - дейді мамандар. Себебі, осы арқылы экономиканың көлеңкелі секторы жарыққа шығып, мемлекеттің салықтық базасы ұлғаймақ. Айта кетейік, желтоқсанның 3-нен бастап қазақ-қырғыз шекарасы күшейтілген режимнен қалыпты жұмыс жағдайына көшірілген-ді. Бұған екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасының қабылдануы себеп. 

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Қазақ-қырғыз қатынастарында жаңадан конструктивті кезең басталуға деген үлкен сенім бар. Осы қақтығыста Астананың ұстанған өте байыпты позициясын айта кетейін. Себебі, Қазақстан бұл мәселелерде қысқамерзімді саясиландыру процесстерінің екіжақты қарым-қатынастарға барынша кері әсерін тигізбеуге тырысты және ол нәтижелі болды.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу