Таразда жем өңдеу кешені іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жем өңдеу кешені іске қосылды

04.12.2017

Жамбыл облысында биыл Индустрияландыру бағдарламасы аясында 10 жобаны жүзеге асыру көзделген. Экологиялық тұрғыда таза, экономикалық тұрғыда тиімді жем өңдеу кешені Таразда  іске қосылды. Кешенде өңделген өнім шетелге де шығарылады. Жоба құны - 1 млрд теңге. Өндірісте заманауи технология қолданылғандықтан, адам күшін көп қажет етпейді. Есесіне, зауыт қуатты. Сағатына 20, жылына 36 мың тонна мал азығын шығаруға мүмкіндігі бар. Мұнда әзірге 23 адам тұрақты жұмыс істейді. Қазір елімізде мал бордақылау алаңдары көбейіп келеді. Сондықтан, құрама жем өндірісі агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге сеп болмақ. Ал, зауыттың даму жоспары ауқымды. Қосымша май сығымдау цехы іске қосылмақ. Онда жылына 800 мың тоннадан аса күнбағыс дәнін өңдеп, 400 мың тоннаға жуық өсімдік майын өндіретін болады.

Кәрім Көкірекбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- 3 млн-ға жуық ұсақ малымыз бар. 390 мың бас ірі қара, 130 мың бас жылқы, 12 бас түйе, 55 мың шошқа, 1 млн. 200 мың құс бар. Осы шығарып жатқан жем жетпейтін. Осы малға қажет. Одан кейін, сапасын айту керек.

Хабарламаларға жазылу