Павлодарда екі бірдей мектеп оқушысын қағып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты іс қаралуда
Павлодардың №2 қылмыстық соты тапа-тал түсте екі бірдей мектеп оқушысын қағып кеткен 30 жастағы трамвай жүргізушісіне қатысты істі қарап жатыр. Айыпталушы кінәсін толық мойындады.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға қыркүйек айының 7 күні болған. Апалы-сіңілі Махаббат пен Марал Масұғұт Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысынан өтіп бара жатып, трамвайдың астына түсті. 10 жасар Махаббат бірден бақилық болды. Ауруханада жатып жазылып шыққан сегіз жасар Маралдың қорғаушысы бүгінгі сот отырысында қарсы тараптан 1,5 млн. теңге өтемақы өндіріп алуды талап етті. Бұл қаржы қайырымдылық мақсатқа жұмсалмақ. Яғни, шұғыл емдеуді қажет ететін балаларға бөлініп берілмек. Соттың келесі отырысы 7- желтоқсанға шегерілді.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19