Инфрақұрылымға инвесторлар көмегі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инфрақұрылымға инвесторлар көмегі қажет

30.11.2017

Еліміздегі медицина мекемелерін толық жарақтандырып, инфрақұрылымды дамыту үшін  әлі 1 трлн.теңге қажет. Қазір денсаулық сақтау саласында 8000-ға жуық нысан бар.  Бұл мәселені реттеу тұрғысында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жекеменшік инвестициялар тарту жоспарларының әзірленіп жатқандығын айтады. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 32 келісімшарт жасалған. 78 жоба бойынша құжат дайындалу үстінде. Яғни, жекеменшік серіктес медициналық құрылыс нысанын салады, жабдықтайды, мемлекет меншігіне тапсырады. Ал мемлекет ұзақ уақыттық келісімге сәйкес ақысын төлейді. 

 Светлана Радченко, Еуропалық қайта құру және даму банкі директорының орынбасары: 

- Бізді қызықтырған жобалардың бірі - Алматы қаласында орналасқан Асфендияров атындағы университет ауруханасының құрылысы. 300 орындық аурухана жобасын Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, жан-жақты қарастырудамыз. Келісімге келген соң біздің Еуропалық банк қаржылай қолдау танытатын болады. 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу