Тәуелсіздік жылдарында атажұртқа 1,5 миллион қандасымыз оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік жылдарында атажұртқа 1,5 миллион қандасымыз оралды

30.11.2017

Олар мемлекеттің мәртебесі үшін қызмет ету әр қазаққа парыз деп біледі. «Мұны жастардың бойына сіңіру керек», дейді. «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» атты құрылтайда «әлемнің әр қиырында жүрген қандастармен де тату байланыста болуымыз керек» делінді. Сондай-ақ, жанашырлықпен жарасып қызмет етуге, бір-бірімізді күндеуді қоюға шақырды.

Үзбен Құрманбайұлы, «Тарихи атажұрт» ҚБ атқарушы директоры:

- Алауыздық, көреалмастық, бақталастық деген жаман дүние жүр. Осыдан біздің бүгін айығатын кезіміз келіпті. Бұл шынын айтсақ, Шыңғыс хан заманынан, хандар заманынан бүгінге дейін жалғасып келді. Тәуелсіз мемлекеттің халқы да жасампаз халық болуға тиісті. Алауыздық секілді жаман іс-әрекет жоқ болса, бізге сырттан ешқандай жау келмейді.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу