Алматыда пошта жөнелтілімдерін сұрыптауға арналған автоматтандырылған желі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда пошта жөнелтілімдерін сұрыптауға арналған автоматтандырылған желі іске қосылды

29.11.2017

«Оңтүстік» ақпараттық-логистикалық орталығындағы инновациялық құрылғы сағатына 6 мыңнан астам сәлемдеме мен хатты іріктейді. Бұл пошта жұмысын жеделдетіп, халықаралық талаптарға сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ, сәлемдемелер мен хаттар үздіксіз өңделгенімен, кедендік бақылау қызметінің жұмыс ережелеріне сәйкес, дер кезінде жөнелтілмейді. Себебі, Кеден қызметкерлері сенбі-жексенбі күндері демалады. Сондықтан, хаттар тиісті орынға уақытында жетпейді. Желі жұмысымен танысқан Үкімет басшысының орынбасары Асқар Жұмағалиев алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табатынын айтты. 

Сәуле Егембердиева, Пошта қызметінің атқарушы директоры:

- Сұрыптау машинасын біз бүгін жұмысқа енгізіп отырмыз. Ол сағатына алты жарым мың сәлемдемені сұрыптай алады. Бізге жұмысқа көп жеңілдік жасатып жатыр негізгі. Біз бұрын тәулігіне көп болса 10 мың сәлемдемеге сұрыптау жасасақ, қазір 30 мыңдай жасай аламыз. Ал, енді мына машинаны енгізгеннен кейін тәулігіне 100 мыңдай сәлемдемені сұрыптай аламыз.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу