Елімізде жылыну процесі жүруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылыну процесі жүруде

29.11.2017

Елімізде алдағы уақытта климат өзгереді деген болжам бар. Өйткені, ауа райының жылынуы орташа жаhандық көрсеткіштен жылдамырақ жүруде. Бұлай кете берсе, 2030 жылға қарай Қазақстан су тапшылығына кезігуі мүмкін. «Осының салдарынан өсімдік шаруашылығы 30-40 пайызға қысқарады», - дейді БҰҰ Даму бағдарламасының мамандары. Сол себепті, бейімдеу шаралары қолға алынады. Алда энергияны үнемдеу, парниктік газдардың шығарылуын қысқарту жөнінде жұмыстар жүргізілмек. 

Валентина Крюкова, Климаттың өзгеруі жөніндегі үйлестіру орталығының директоры:

- Бейімдеу жоспарына кім қатысуы керек? Әрине, бұл жағдайда Үкімет дайындау жұмыстарын жүргізеді. Климаттың өзгерісіне тек республика ғана емес, бүкіл облыс, аудандар атсалысуы тиіс. Біздің тұрғындар бейімдеу деген не, төтенше жағдайлар деген не соны білгені жөн. Басты мәселе - қоршаған ортаға көңіл бөлу. Еліміздегі зауыт-фабрикалардан шығатын зиянды қалдықтарды азайту керек.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу