Елбасы кітапханасында «Қазақстан жолы және Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі» халықаралық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасында «Қазақстан жолы және Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі» халықаралық форумы өтті

28.11.2017

«Бірегейлік пен бірлік: Қазақстан жолы және Н.Назарбаевтың үлгісі». Бүгін Елбасы кітапханасында осындай атаумен халықаралық форум өтті. Үндістан, Қырғызстан және басқа мемлекеттерден келген меймандар Қазақ көшбасшысының кемеңгер саясатын сөз етті. «Алдымен экономика, содан соң саясат» қағидасы халықтың әл-ауқатын арттырды. Президент жариялаған көпвекторлы саясат инвесторлардың елге еркін келуіне жол ашты. Сөйтіп, бұрын тек шикізатқа тәуелді мемлекет өз өндірісін өркендетіп, тірлігін түзеуге ден қойды. Арада жылдар өткенде прагматик басшы ретінде танылып, әлем мойындаған Елбасы қазақтың халықаралық қоғамдастықтағы орны мен рөлін де айшықтап берді. 

Ботагөз Қайыпова, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы директорының орынбасары:

- ҚР Президентінің ерекше мемлекет басқару жүйесіне байланысты, жалпы, Назарбаев танылған үлгіге байланысты конференция өтті. Мұның басты тақырыбы - бірегейлік пен бірлік.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу