«Электрондық үй кітапшасы» әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Электрондық үй кітапшасы» әзірленді

28.11.2017

Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуге тұруға және одан шығуға болады. Бұл келесі жылдан бастап электронды үкімет порталы арқылы іске асырылады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Сондай-ақ, мамандар «Электронды үй кітапшасын» әзірлеген. Кітапшаға Ақпарат және коммуникациялар, Әділет және Ішкі істер министрлігіндегі мәліметтер біріктірілген. Жаңа жүйе халықтың көшіп-қонуына мониторинг жүргізуді жақсартады. Ал, үй иесіне оның меншігінде тұрған адамдар туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдықтар азаматтардың уақытын үнемдеп, тапсыратын құжаттар санын қысқартады.

Анар Жомартова, ҚР ІІМ Көші-қон комитетінің аға инспекторы:

- Максималды түрде құжаттар саны қысқарды. Бұрын жеке басты куәландыратын құжаттардан бөлек, үйіне құқық беретін екінші нысандағы анықтамалар талап етілетін болса, қазір тек жеке куәлікпен келу жеткілікті.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу