Астанадағы «Алтын бесік» балабақшасында желтоқсандағы мерекелерге арналған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы «Алтын бесік» балабақшасында желтоқсандағы мерекелерге арналған кеш өтті

28.11.2017

«Арман қала - Астана». Бүгін осындай атаумен «Алтын бесік» балабақшасының бүлдіршіндері ата-аналар мен ұстаздар қауымына керемет көңіл-күй сыйлады. Іс-шара желтоқсандағы мерекелерге арналған. Кеш барысында балалар ел мен Елбасы, азаттық пен Астана жайлы білгендерін әнмен, енді бірі өлең жолдарымен жеткізді. «Алтын бесік» - көру қабілеті нашар балаларға арналған Астанадағы жалғыз балабақша. Мұнда көз ахауымен туылған 150 бала тәрбиеленуде.

Марфура Ырсалымқызы, №23 «Алтын бесік» көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшаның әдіскері:

- Бұл іс-шараға дайындалуға екі аптадай уақыт кетті. Іс-шараға қатысып жатқан мектепалды даярлықтың төрт тобы. Өте керемет өтуде. Ата-аналар риза. Шараның мақсаты – балаларды өз Отанын мақтан тұтуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу