Бұл туралы Қытайдың Гонконг қаласында өткен іскерлік кездесуде қала әкімі Бауыржан Байбек айтты. Жұмыс сапары кезінде Байбек Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламмен жүздесті. Олар инвестициялық және туристік салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Қала құрылысы мен смарт-технологияны енгізуге қатысты тәжірибе алмасты. Жалпы, бүгінде Алматы мен Гонконгтің арасында тікелей әуе рейсі бар. Екі елдің азаматтарына туристік және басқа да іскерлік сапармен 14 күнге дейін визасыз режимге сай емін-еркін жүруге рұқсат берілген. Қазір алып шаһарда БҰҰ-ның 14 мекемесі, Гонконгтің 17 компаниясының өкілдігі орналасқан. Алдағы уақытта тараптар «үлкен Алматы айналма жолы» жобасына байланысты бірлесіп, жұмыс істемекші.
Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:
- Жалпы, 10 жылдың ішінде қала ішінде 30 жол айырығын салып, кіші айналым жолын біттік. Енді келесі жылдан бастап 1,5 млрд. АҚШ долларына Үкіметтің қолдауымен «Үлкен айналма жолы» салынады. Бұл әуежай арқылы «Батыс Еуропа, Батыс Қытаймен» жолына қосылады. Ол жүк тасымалдауды күшейтуге үлкен әсер береді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ