Теріден тігілген киімдерді таңбалау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріден тігілген киімдерді таңбалау басталды

27.11.2017

Ілкі жоба ретінде қолға алынған бастама келесі жылдың желтоқсанына дейін жүргізіледі. Кейін бәріне бірдей міндеттеліп, талапты орындамаған кәсіпкерлерге шара қолданылады. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ талап.

Салтанат сегіз жылдан бері бағалы тон сатуды кәсіп етеді. Ол тері бұйымдарын таңбалау басталғанын естіп, жауаптыларға тапсырыс беріп қойды. Оның айтуынша, бұл бастама арзан тауармен халықты алдап, салықтан жалтарып жүрген заңсыз кәсіпкерлердің жолын кеседі. Ең бастысы тұтынушы алып-сатарға алданбайды.

Салтанат Назарова, кәсіпкер:

- Әзірге қара күзен, құндыз, түлкі, қоян, жанат және қой терісінен тігілген киімдер ғана таңбаланады. Жеке тұлғаның өзі сатып алған тауары таңбалауға жатпайды. Бұрын импорттап немесе өндіріп үлгерген кәсіпкерлер 90 күннің ішінде, ал, жаңа тауар иелері 30 күннің ішінде таңбалап үлгеруі тиіс. Бұл үш тарапқа да тиімді.

Арғын Қыпшақов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Біріншіден сатып алушыларды толық ақпаратпен қамтамасыз ету және оларды контрафактілік өнімдерден қорғау. Ал, кәсіпкер бәсекеге қабілетті болады. Мемлекетке салықтық түсімдер артады.

Өтініш электронды түрде беріледі. Кәсіпкер жіберген ақпаратты жауапты орган нақтылап, штрих код береді. Содан соң «іскер ақпарат орталығы» оны енгізіп, иесіне ұсынады. Ал, тұтынушы таңба арқылы тауардың сапасына толық көз жеткізе алады. Бастысы, жалған кәсіп иелері бәсекелестік ортадан ығысып, жұмысын талапқа сай жүргізіп отырған Салтанат сияқтылардың ісі іргелі басады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу