Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қазақстанның Халық жазушысы, балалар әдебиетінің ақсақалы саналы ғұмырын ұлтымыздың жеткіншектерін зияткерлік деңгейге көтеруге арнады. Себебі, өзі жастайынан әкесі мен анасынан айырылып, тағдыр тауқыметін тартқан. Сондықтан, қаламгер «жастар қиындық көрмесе екен», деп рухани кемелденуіне бар күш-жігерін жұмсады. Әлімбаев 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған күннен бастап 1986 жылға дейін бас редакторы қызметін атқарған. Ол 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында республикалық, майдандық газеттерде өлеңдері басылды. Алғашқы кітабы 1952 жылы «Қарағанды жырлары» деген атпен жарық көрді. Сондай-ақ, жазушы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.
Жанарбек Әшімжан, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы:
- Қазақ әдебиетінің аса көрнекті тұлғасы, классик ақынымыз Мұзафар Әлімбаевтың қазақ дейтін халық бар кезде ешқашан атыөшпейді. Қазақ бар кезде, қазақ әдебиетінің жас жеткіншектері бар кезде бұл кісінің есімі дәуірлерден дәуірлерге жалғасып жүре береді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ