Соңғы 7 жылда Қостанайда 30 мың көлік құрастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 7 жылда Қостанайда 30 мың көлік құрастырылды

27.11.2017

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨндіріс» машина зауыты мамандар даярлауда теория мен тәжірибені қатар ұштастырып келеді. Кәсіпорын жоғары оқу орындарымен үнемі тығыз байланыста. Бұл –  дуалды оқыту жүйесінің жетістігі. Бүгінде Қостанайдағы зауытта әлемге танымал оңтүстіккореялық «Санг Ёнг», «Хендай», француздық «Пежо» және қытайлық «Джак», «Джили» маркалы көліктер шығарылады. Мұның сыртында италиялық «Ивеко» және жапониялық «Тойота Фортюнер» де бар. Соңғы 7 жылда Қостанайдағы зауытта 30 мыңдай көлік құрастырылды. Өндіріс процесін жергілікті мамандар атқарады. Олар әрдайым шеберліктерін арттырып, шетелдерде білімдерін жетілдіреді.      

Жандос Бекбосын, зауыт инженері:

- Бізге Қостанай қаласындағы ЖОО, колледждерінен студенттер келеді. Оларға теориялық даярлау өткізіп, практикадан өткіземіз. Практикамен ұштастырып, білім саласындағы мәселелерді шешеміз.

 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу