Желтоқсанның 1-нен бастап Павлодарда жолақы құны 10 теңгеге қымбаттайды. Бұған жолаушы тасымалымен шұғылданатын кәсіпорындардың өтініші негіз болды. Олар бензин және қосалқы бөлшектер бағасының көтерілуіне байланысты қалалық мәслихатқа өтініш түсірген. Депутаттар бірауыздан қолдады. Ал, жергілікті билік қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүретіндердің тізімін бекітті.
Мәселен, оқушылар мен студенттерге 50 пайыз жеңілдік жасалмақ. Әлеуметтік жағдайы төмендер, 1, 2 топтағы мүгедек балалар тегін жүреді. Ақсу және Екібастұз қалаларында да оқушылар мен студенттердің жеңілдікпен жүру мүмкіндігі қарастырылады.
Ерболат Әміре, студент:
- Қабылданған меморандум бізге аз да болсын үнем болады деп есептеймін. Себебі, сол жерден үнемделген ақша ертең қажетімізге жұмсалады. Осындай жағдай тудырып отырған Павлодар облысының транспорттық одағына үлкен рахмет айтамыз.
Болат АМАНБАЕВ