Басты Жаңалықтар Балалар үшін қауіпсіз сайттар тізімі жасалды

Балалар үшін қауіпсіз сайттар тізімі жасалды

Оған «Ақ сайттар» деген атау берілген. «Болашақ» қауымдастығы бастамашы болған жобаның тұсаукесері Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Тізімге жеткіншектердің таным-түсінігі мен психологиялық дамуына кері әсер етпейтін сайттар ілікті. Олардың саны әзірге - 3556. Оның 500-і қазақстандық. Ниет білдіргендер сайт тізімін тапсырыс арқылы алып, қолдана алады. «Ақ сайттар тізімі» пилоттық жоба ретінде 1 желтоқсаннан жұмысын бастайды.

Бахтияр Мәкен, «Болашақ» қауымдастығы кеңесі басшысының міндетін атқарушы: 

 - Сараптама көрсетіп отырғандай, Қазақстандағы ата-аналардың 57 пайызы балалары интернеттен өз жасына сай келмейтін мәліметті алуы мүмкін деп қауіптенеді екен.  Ал, 18 пайызы балаларының интернетте не қарап отырғанынан мүлде хабарсыз болып шықты. Сондай-ақ, жеткіншектердің 6 пайызы компьютер ойындарына әуестенген. Ата-аналар интернетте балалардың оқуына болмайтын мәліметтер жетерлік екенін білуі керек. Бұл тұрғыда «Ақ сайттар тізімін» қолдану - маңызды қадам.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Бөлісу