Басты Жаңалықтар Көлік комитеті жемқорлықпен күресуде

Көлік комитеті жемқорлықпен күресуде

Көлікті бақылау инспекторларының қызмет уақытындағы әр басқан қадамы назарда болып, қоғамдық бақылауға алынады. Мұндай шешімді өзге емес, Көлік комитетінің өзі қабылдаған. Осылайша, құзырлы органдағы тәртіпке бағынбайтындарға шара қолданылмақ. Сол мақсатта жемқорлыққа қарсы кеңестің бірінші отырысы өтті.

Бұл жігіт 15 жылдан бері жүк көлігін жүргізеді. Сол аралықта бақылау бекеттерінен кедергісіз өткен кезі болмапты. «Жолға шықпас бұрын құжаттарды қамдап, техникалық талаптарды сақтаймыз»,-дейді. Бірақ, инспекторлар сыныққа сылтау табады. Жүзін жасырып беруді өтінген Виталийдің сөзінше, «оларға бір нәрсе дәлелдеу өзіңе бәле болып жабысады екен».

Виталийдің сөзін кеңес отырысына қатысушылар да мойындап отыр. Биыл «бармақ басты, көз қыстыға» барған 18 лауазымды тұлға күдікке ілініп, сегізіне жаза кесілген. Арнайы мониторинг тобы 3 ай облыстарды аралап олқылықтарға куә болған. Бұл басқаларға сабақ болмай отырған сыңайлы. 37 жылжымалы және 4 стационарлық бекеттегі қызметкерлердің түрлі тәртіпсіздігі жіпке тізіліп, басшыларына жолданған.

Асылболат Қайырғалиев, Ахуалдық орталықтың басшысы:

- Сондай фактілер бойынша 200-ден астам нұсқаманы Көліктік бақылау инспекцияларына жібергенбіз. Солардың ішінде 57 пайызына ғана шара қолданылып отыр.

Қалғандары да назардан тыс қалмайтын болды. Тіпті, басшылары жұмыстан қуылуы бек мүмкін. Сондай-ақ, көліктерді артық жүкке жіті тексеру керек. Себебі, 80 пайыз техника шектен тыс салмақпен жүреді. Бұл тасжолдарды талқандауға соқтырады. Демек, екі тарап та кінәлі.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу