«Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы аясында отандық кәсіпорындардың көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы аясында отандық кәсіпорындардың көрмесі өтті

23.11.2017

«Қазақстандық өнім жасаймыз». Бұл - тау-кен металлургия саласының 70-тен астам компаниялары бас қосқан форумның тақырыбы. Жиналғандар өндірістегі отандық өнім үлесін арттыру, шетелдік нарықта бәсекеге сай болу, өнім сапасын арттыру жайын сөз етті. Жер қойнауын пайдаланушылар жергілікті кәсіпорындардан 1 триллион теңгеге жуық теңгенің тауарлары мен, қызметін сатып алған. Бір сөзбен тау-кен саласы - ішкі нарықта зор әлеуетке ие қозғашуы күш. Форум аясында отандық кәсіпорындардың көрмесі де өтті. Айтулы шара кезінде өндірушілер өзара меморандумдар мен келісімдерге қол қойып, әріптестікті нығайтуға уағдаласты. Көрмеге ұзын саны 200-ден астам қазақстандық өндірушілер қатысты. 

Олег Крук, «Қазэнергокабель» АҚ Бас директоры:

 - Қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға ерекше мән береміз. Шикізатты отандық мыс пен алюминий өндірушілерден аламыз. Қазір мердігерлер арзан өнім іздейді. Арзан өнім шығару үшін стандарттарға сай келмейтін өнім шығаруымыз керек. Біз ондайдан бас тарттық. Сондықтан, тіпті Ресей мердігерлері біздің өнімді таңдап келеді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу