Отансүйгіштік қасиетті одан әрі жетілдіру үшін еліміздің патриоттық ұйымдары мен ведомстволар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қарулы күштердің ұлттық патриоттық орталығында өткен шараға Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева қатысты. Сондай-ақ, министрлер мен Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері патриоттық сезімді жетілдіру жолдарын саралады. Бүгінде елімізде 2800 бала білім алып жатқан 101 кадеттік сынып ашылғанын атап өткен жөн. Ондағы материалдық базалар жетілдіріліп, түрлі әскери оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылып тұрады.
Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:
- Қарулы күштердің қатарында азаматтық борыштарыңызды өтеп, еліміздің шекарасын күзетіп, аналарыңыздың ұйқысын тыныш ету сенімі сіздердің қолдарыңызда. Осы жұмысқа қатысып отырғандарыңызға, патриоттық сезімдеріңізді білдіргендеріңізге рахмет айтқым келеді.
Елдос САПАРҒАЛИ