Енді үйіңізде отырып, интернет арқылы онлайн режимде сынақтан өтіп, көлік жүргізуші куәлігін ала аласыз. Мұндай өзгеріс қарашаның 27-нен бастап енгізілмек. Бірақ, бұл тек А, Б және А1, Б1 санатындағы жүргізуші куәліктеріне ғана арналған мүмкіндік. Жаңа тәртіп бойынша үміткер автомектептерден қашықтықтан оқыту үрдісі бойынша интернет арқылы дәріс алады. Оның көлемі кем дегенде 80 пайыз болуы тиіс. Ал, автомектепке барып, күндізгі оқуға қатысу үлесі 20 пайыз деп міндеттелген.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:
- Осылайша, енгізілген толықтыруға байланысты өздері оқыту нысандарын таңдауға құқылы. Яғни, олар автомектепте, онлайн режимде немесе бұрынғыдай өздері дайындалып, емтихан тапсырып жүргізуші куәлігін алады.
Азамат НҰҒЫМАНОВ