Астаналық бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша арыз-шағымдарын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша арыз-шағымдарын айтты

22.11.2017

Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша сауал да, мәселе де көп. Бүгін астаналық бизнес өкілдері осындай арыз-шағымдарын айтты. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы барысында тараптар күрмеулі түйткілдерді талқылады. Мәселен, биыл кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау бойынша 231 өтінім түскен. Оның 20 пайыздан астамы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруға қатысты екен. Жалпы, кәсіпкерлер мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты ұйымдар тарапынан заңбұзушылық жиі кездесетінін айтады.

Болат Келдібеков, адвокат:

- Ол конкурсқа қатысу құжаттарын негізсіз қайтару, қосымша талаптар қою, үкіметтік сатып алу ережесін бұзу6 квалификация талаптарына сәйкес емес  кәсіпкерлерге жеңіс беру.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу