Басты Жаңалықтар Астана қаласының әкімдігі суицидтің алдын алу бойынша «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өткізді

Астана қаласының әкімдігі суицидтің алдын алу бойынша «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өткізді

Суицидтің алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу - ортақ мәселе. Осы ретте  Астана қаласының әкімдігі жыл бойы «Мен өмірді таңдаймын» атты акция өткізді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қазан-қараша айларында қаладағы орта мектептер мен колледждердің психолог мамандарына 3 күндік семинар ұйымдастырылса, кеше суицидке бейім жастар арасында спорттық сайыстар өткізді. Мақсат – жастардың салауатты өмірге құштарлығын арттыру. Жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, түрлі спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Әкімдік мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында келесі жылы мұндай шараларды көбейтпек. 

Асхат Оралов, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Осы жылдың басынан шараға жүздеген жастар қатысып отыр. Келесі жылы суицидтің алдын алу мәселесі бойынша іс-шаралар санын еке есе көбейткіміз келеді.  Себебі, ол - өте өзекті мәселелердің бірі. Мұны шешу жұмысымыздың маңызды бағыты деп есептеуге болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Бөлісу