Ауыл шаруашылығы саласындағы 82 ғылыми жаңалық коммерцияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы саласындағы 82 ғылыми жаңалық коммерцияланады

21.11.2017

Бұл туралы бүгін Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Асқар Нәметов айтты. Ауыл шаруашылығы саласындағы 3 үлкен жоғарғы оқу орны мен 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттарының басын біріктіретін мекеме 12 коммерциялау орталығын құрған. Ал, қаржы табуға негізделген ғылыми жобалар саладағы өнімділікті арттырып, өндіріске инновацияны енгізуге арналған. Алайда, әзірге бұл жаңалықтар тек қағаз жүзінде.

Айта кету керек, өткен аптада Үкімет ауыл шаруашылығын дамытудың 12 картасын қабылдады. Оның біреуі осы аграрлы ғылым саласын жаңартуға бағытталған. Оның аясында салада алдағы жылы ғылыми институттарды біріктіру секілді күрделі реформалар жүзеге асырылмақ.

Асқар Нәметов, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КЕ АҚ басқарма төрағасы:

 - Біз әр институттың сарапатамасын жасап, өткізіп көрдік. Оның ішінде пайдалысы да, мүмкіндігін төмендеткен ұжымдар да бар. Соның барлығына сараптама жасап, жақын арада шешім қабылдайын деп отырмыз.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу