ЖИ қатерлі ісікті анықтайды
Жасанды интеллект қатерлі ісік белгілерін ерте анықтауға көмектеседі. Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде заманауи жүйе іске қосылды. Мәселен, қазір аймақта өкпе және сүт безінің қатерлі ісігі өршіп тұр. Ал, жаңа технология арқылы ағзадағы көлемі екі миллиметрлік күмәнді ісіктерді анықтауға болады. Жаңа жүйе іске қосылған аз уақыттың өзінде сырқаттардың бойындағы 4 мыңнан аса күмәнді өзгеріс тіркелген. Қазір бұл бірегей диагностикалық жабдыққа 22 медициналық мекеме қосылды. Олар өзара ақпарат алмасады. Бұл Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда Қазақстан медицинасының қол жеткізген табысы, - дейді мамандар.
Баян Чакенова, облыстық онкологиялық диспансердің бөлім меңгерушісі:
Жасанды интеллект өкпе рентгені, компьютерлік томография және мамография нәтижелеріне талдау жасайды. Ол дәрігерге түсірілімдегі күмәнді тұстарды көрсетіп, науқастың жағдайы мен аурудың қалай өзгеріп, өршіп немесе қайта бастағаны жайлы нақты ақпарат береді. Бұл еліміздің медицина саласындағы үлкен жетістігі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы