Шетелдік журналистердің Алматыға сапары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік журналистердің Алматыға сапары

21.11.2017

Алматы - мәдениет пен туризм орталығы. Сондықтан, мегаполиске шетелдер мен республиканың әр өңірінен саяхатшылар жиі келеді.  

Бұл туралы сырт мемлекеттердің журналистермен кездескен қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев айтты. Оның сөзінше, қазір туристер үшін қаланы тартымды етуге арналған жобалар сәтті іске асып жатыр. Қазақстанның жарқын жетістіктерін көзімен көріп, көңіліне түйген 19 шетелдік журналист ойларын әлемдік ақпараттық кеңістікке жариялайтындығын жеткізді. Олар Астанадағы «ЭКСПО»-ның қазақ павильонын және кейінгі кезде салынған ғимараттарды тамашалап, әсем Астананың ғажайыптарымен танысқан. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысын аралап, Түркістан  қаласына барған. Енді төрткүл дүниенің әр түкпірінен жиналған тілшілер Алатаудың баурайындағы алып  шаһарды аралайды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу