Тамара Дүйсенова ресейлік әріптесі Максим Топилинмен арнайы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова ресейлік әріптесі Максим Топилинмен арнайы меморандумға қол қойды

20.11.2017

Еуразиялық одаққа мүше елдердің қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысты даулы мәселені тездетіп реттеу және біріккен Еуразиялық электронды еңбек биржасын құру.  Осы және өзге де түйткілдерді шешу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейлік әріптесі Максим Топилинмен арнайы меморандумға қол қойды. Мәселен, Қазақстан мен Ресейдегі кәсіптік стандарттардың дамуын жақындастыру тақырыбын Челябинскіде өткен аймақаралық форум кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Ресейге жұмыс сапары барысында Тамара Дүйсенова ТМД мемлекеттерінің Еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің 30-шы отырысына да қатысты. Жиында достастық елдеріндегі отбасы және демографиялық саясатты іске асыру, әйелдер мен балаларды қорғау мәселесі жан-жақты талқыланды.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу