Дәстүрлі дін өкілдері Астанада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі дін өкілдері Астанада бас қосты

20.11.2017

Елімізде 2171 оқушы хиджаб киеді. Түсіндіру жұмыстарынан кейін оның 300-ге жуығы дәстүрлі мектеп формасына көшкен. Осы жылдың 1-ші қарашасына дейінгі статистика осындай. Бұл туралы дін саласының мамандарына арналған 5 күндік оқыту семинарында айтылды. Басқосуға республиканың әр аймағынан 110 адам қатысуда. Олар жауапты министрліктің мамандары мен ғалым-сарапшыларды тыңдап, мемлекеттің дін саласындағы саясатын ауыл-аймаққа жеткізеді. Қазір министрлік жаңа заң жобасын дайындап жатыр. Құжат жыл соңына дейін Парламенттің қарауына жіберіледі.

Берік Арын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі:

- Бізде ақпараттық кеңістік ашық. Сырттан әркім өздерінің ойларын, идеологиясын таратқысы келеді. Біз оны заң жүзінде шектемекшіміз. Яғни, диструктивті деп танылған діни ағымдардың идеологиясын таратуға, сырт келбетін, атрибуттарын таратуға тыйым салынатын болады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу