Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қамауда отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қамауда отыр

20.11.2017

Қомақты пара алды деген күдікпен ұсталған Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қамауда отыр. Бүгін осы іске қатысты өкілетті орган ресми мәлімет таратты. Прокуратура дерегіне қарағанда, Ораз Дүзденбаев лауазымды қызметте 10-ақ ай отырған. Осы аралықта ауыл шаруашылығы басқармасы шаруаларға 12,7 млрд. теңге субсидия таратты. Жемқорлыққа қарсы агенттік бұл бағытта жұмыс жүргізіп, Ораз Дүзденбаев пен оның орынбасарлары фермерлерді қаржы жинауға мәжбүрлегенін анықтады. Яғни, субсидия алған шаруашылықтардан ақша жинаған. Қызметтік кабинеттерді тінту барысында 4,5 млн. теңге табылды. Ал, 100 мың теңгені алып жатқан кезде жасырын камераға түсіп қалған Ораз Дүзденбаев өз кінәсін мойындамаған.

Ерсін Зайтым, Павлодар қалалық прокуратурасының аға прокуроры:

- Жеке өзі және өзінің сенімді тұлғалары арқылы шаруа қожалықтарының өкілдерінен, кәсіпкерлерден мемлекеттік субсидия алуда бірнеше рет заңсыз қамқорлық жасағаны үшін, 4,5 млн. теңге пара алғаны бойынша күдік бар. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін мойындамады.

 

Болат АМАНБАЕВ    

Хабарламаларға жазылу