Азаматтық қоғам - мемлекеттік сенімді серігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық қоғам - мемлекеттік сенімді серігі

16.11.2017

«Азаматтық қоғам - мемлекеттік сенімді серігі болуы тиіс». Бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының отырысында төраға Қуаныш Сұлтанов осылай деді. Құрылғанына 1 жыл толған Дін және азаматтық қоғам вице-министрлігінің қызметі жайлы есеп тыңдалды. Жалпы, тәуелсіздік алған тұстан бері азаматтық сектор мен билік арасында байланыс үзіліп көрген емес. Қазір республикамызда үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне еш шектеу жоқ. Азаматтық сектор өкіметті тек көмектің көзі ретінде қабылдамайды. Керісінше әріптес ретінде қызмет етіп келеді. 

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:

- Жылдың басында азаматтық қоғам форумы өтті. Осы жақында ғана Астанада қоғамдық кеңес туралы жиын өтті. Сол жиында да пікір алмасты. Екі жыл бұрын қоғамдық кеңестер туралы заң қабылдағанбыз. Ол да бүгінгі жұмыстың бір парасы.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу