Басты Жаңалықтар БҚО-да 6 мыңнын астам бала вирустың инфекция жұқтырған

БҚО-да 6 мыңнын астам бала вирустың инфекция жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында өткен айдан бері 9 мыңнан астам адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Олардың 6 мыңы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері тұмауға шалдыққан науқастар тіркелмеген. Қазір жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакцинациялау қолға алынған. Күні бүгінге дейін 61 мыңға жуық адам екпе алған. Олардың ішінде балалармен қоса, жүкті әйелдер де бар. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін жеке гигиена талаптарын сақтап, қоғамдық орында сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Бөлісу