Қарағанды облысы бойынша жыл басынан бері 576 жол апаты болып, 120 адам қаза тапқан. Тағы 773 адам түрлі жарақат алған. Сол жол-көлік оқиғаларының 109-да балалар зардап шегіп, 14 жеткіншек көз жұмған. Бұл қайғылы оқиғалардың көбіне жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған. Осыған орай, өңірдегі жергілікті полиция қызметкерлері еліміз бойынша өтіп жатқан «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» акциясы аясында арнайы шараны қолға алды. Тәртіп сақшылары оқушыларға, жаяу жүргіншілерге алыстан көрінетін жасыл жолақтар мен жол қауіпсіздік ережелері туралы парақшаларды таратуда.
Әрсен Оразалы, оқушы:
- Бізге тәртіп сақшылары жол ережелерін үйретті. Жолақ белгілер тағып берді. Бұл қатты келе жатқан машиналар көрсін деген белгі. Қараңғыда жанып тұрады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ