«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы кодекс талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы кодекс талқыланды

16.11.2017

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы кодекс бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы құқықтық кеңестің кеңейтілген алқасында талқыланды. Айта кету керек, партия жанындағы құқықтық кеңес елдегі беделді талқылау алаңдарының бірі. Оған Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшыларын айтпағанда, Кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары мүше. Аталған кодекс ұлт жоспарына сай әзірленген. Ол қазір Парламентте талқылануда. Кеңес мүшелері кодекске қатысты нақты ұсыныстар енгізді. Құжат жоспар бойынша биыл қабылдануы керек. 

Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң жобасының жаңа жаңалықтары - жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмысты жаңа деңгейге көтеру. Ең үлкен кедергі - біріншіден, қаражаттың жетіспейтіндігі, екіншіден, әкімшілік кедергілер. Сол себептен, осы кодексті әзірлеген кезде халықаралық тәжірибе зерделенді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу