Елордада 50-дей әлеуметтік жоба іске асырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 50-дей әлеуметтік жоба іске асырылмақ

15.11.2017

Елордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 50-ге тарта әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Атап айтсақ, балабақшалар, емханалар, жатақханалар мен қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасасу көзделген. Соған орай мамандар отандық әрі шетелдік инвесторларға әкімдікпен бірлесе қызмет етудің тиімділігін түсіндірді. Яғни, жергілікті билік бизнесмендерге жер бөледі, инфрақұрылымын жүргізіп береді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер ұсынған жобаларды да кеңесе отырып қабылдауға әзір.

Абай Қожамжаров, «Астана инвест» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының департамент директоры:

- Көбінесе салалық инвесторлар іздейміз. Мысалы, балабақшаны салатын инвесторлар білім саласымен айналысатын болуы керек. Емханалар болса, шетелден келіп жатқан арабтар немесе түріктер болады. Соларды жақсы бір емхана салуға тартамыз. Инвесторлар әкімдікке келеді де тек өздерінің ниеттерін білдіреді. Ал, барлық жұмысты әкімдіктің қарамағындағы «Астана инвест» компаниясы істейді. Құжаттарын дайындайды, келістіреді, барлық мемлекеттік органдармен келістіріп, инвесторға дайын құжат береді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу