Баянауылға алғашқы жолаушы ұшағы қонды
Бұдан былай Павлодардан Баянауылға ұшақпен баруға болады. Кеше «Let-410» шағын әуе кемесі жергілікті аэродромға алғашқы жолаушыларды жеткізді. Қос моторлы 18 орындық ұшақтың ішінде 16 адам болды. Облыс орталығынан ұшып келу уақыты 40 минутқа таяды. Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті. Қазір Баянауылдағы аэродромның жан-жағы қоршалып, қажетті инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр.
Сергей Терехов, ұшақ капитаны:
- Әуе рейсі сәтті атқарылды. Ұшып-қонуға арналған жолақтар сапалы жасалған. Жергілікті тұрғындар ерекше қуанып жатыр. Жаңа аэродром ұшақтарды қабылдауға дайын екендігін көрдік.
Болат АМАНБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы