Павлодар облысында латынша жазылған алғашқы маңдайша пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында латынша жазылған алғашқы маңдайша пайда болды

15.11.2017

Жаңа таңбаға өткен - Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімі. Жергілікті полиция қызметі жаңа ғимаратқа көшті. Жеке құрам тұтастай  рухани жаңғыру, қазақ тілінің латын жазуына көшу бастамасын бірден қабылдаған. «Ұлттық оң жаңғыруға үлес қосу - біз үшін парыз», - дейді тәртіп сақшылары.

Полицияға берілген ғимарат заманауи құралдармен жабдықталған. Қылмыстың алдын-алу, іздестіру жұмыстары нәтижелі болу үшін барлық жағдай қарастырылған. Бұған қоса, құқық қорғаушыларға жергілікті кәсіпкерлер екі бірдей қызмет көлігін сыйға тартты.

Санат Сейпадамов Ақтоғай ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы:

- Былтырда үш «Нива» берген. Енді қазір жергілікті полицияда 16 кісіге 9 автокөлік бар. Ауданда мал ұрлығы да  бар. Биыл 6 дерек бойынша іс қозғалды. Екеуі ашылды. Ары қарай жалғастыра береміз.  

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу