Астанада үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мұрындық болған. Салмақты жиын барысында балалар құқығын қорғау мәселесі талқыланды. Одан соң, үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйақыларды тағайындау тақырыбы қамтылды. Болжам бойынша, оның ең кем дегенде мөлшері 4,5 млн. теңге болмақ.
Жалпы, үйлестіру кеңесінің отырысы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ашық сұхбат алаңы және үлкен көпірге айналды. Бұл жиында тараптар тартынбай сөйлеп, табысты жұмысқа асарласуға талпынады.
Абзал Нүкенұлы, Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі:
- Үйлестіру кеңесіне шығарып отырған мәселеміз бұл - ҮЕҰ сыйлықақы беру мәселесі. Алдында үлкен сараптамалық жұмыс жүргізілді. Тәуелсіз сараптамалар тиісті бағаларын алып, қазір осы үйлестіру кеңесінде талқылауға шығарып отырмыз.
Азамат НҰҒЫМАНОВ