Аграрлық саладағы мәселелерді шешу үшін 12 карта әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аграрлық саладағы мәселелерді шешу үшін 12 карта әзірленді

14.11.2017

Үкімет агроөнеркәсіптік кешендегі проблемаларды шешуге арналған 12 карта әзірледі. Олардың іске асу тетіктері мен қаржы көздері бүгін Үкіметте талқыланды. Атап айтқанда, құзырлы министрлік ауыл шаруашылығы кооперациясы мен аграрлық қайта өңдеу және ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыру картасын жасақтаған. Сондай-ақ, тұқым шаруашылығы мен фитосанитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру, агрохимия, жем-шөп өндірісі және қой шаруашылығын дамыту карталары да әзірленген. Онда аталған салаларды дамыту бойынша кезең-кезеңімен нақты шаралар көзделген. Картадағы іс-шараларды жүзеге асыруға 224 миллиард теңге қаржы қаралған. Ең басты шаралардың бірі - техника алу тетігін жетілдіру. Ол бойынша ендігіде субсидия шаруаларға емес, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыттарға беріледі.

Қайрат Айтуғанов, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі:

- Бізде қазір Қазақстан бойынша 20 зауыт бар. Соларды қолдау керек. Мысалы, Көкшетауда «Вектор» деген комбайн шығарып жатыр. Бүгін оның орташа бағасы 44 млн. теңге болса, әкімдік 10 млн. тг зауытқа төлейді. Шаруа қожалыққа ол 44 млн. теңге емес, 34 млн. теңге болады. Бұл өте пайдалы.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу