Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтар жақын арада елге жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядан эвакуацияланған қазақстандықтар жақын арада елге жеткізіледі

14.11.2017

Сириядағы сойқанның ортасынан аман шыққандардың арасында бес қазақстандық азамат бар. Олар кеше Грозный қаласына арнайы ұшақпен жеткізілген. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ануар Жайнақов хабарлады. Ресейге эвакуацияланған - 1988 жылы туған әйел және төрт бала. Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, әйел Орал қаласының тумасы болып шықты. Ал, кәмелет жасына толмаған балалардың ең кішісі бес жаста. Қазір олардың Сирияға қандай мақсатпен және қалай барғандығы анықталып жатыр. 

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

Оларды Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкерлері қарсы алды. Жақын арада олар Қазақстанға жеткізілетін болады. Біз отандастарымызды Қазақстанға Сириядан эвакуациялауға көмектескен Ресейге және Шешен Республикасына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу