Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

14.11.2017

«ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы: Мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені». Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында отандық және шетелдік ғалымдар баяндама оқып, Қазақ елінің тәуелсіздік жылдары жүргізген саясатын саралады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тарихи шешімдеріне маңыз берді. Жалпы, көпвекторлы саясат ұстанған Қазақстан жаһанның барлық мемлекетімен тығыз қарым-қатынас орнатып, әлемдік геосаяси мәселелердің оңтайлы шешілуіне септігін тигізіп келеді. Ал, біздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын естіп-білген әлем ғалымдары оны жоғары бағалап отыр.

Ботагөз Қайыпова, Елбасы кітапханасы директорының орынбасары:

- Елбасы жариялаған «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласын бүкіл елімізге тіпті, бүкіл ЮНЕСКО штаб пәтерінде жария етілген мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қазақ халқының, Қазақстан халқының, алға басарлық тарихы мен мұрасының көрсеткіші деп айтуға болады.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу