Қазақ гуманитарлық заң университетін әр жылдары бітірген түлектердің бірігуімен қайырымдылық балы өтті. Кештен 3 млн. теңгеге жуық қаражат жиналды. Олар ақылдаса келе бұл соманы Астанадағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жұмсайтын болып шешті.
Қайырымдылық балы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сондықтан, түлектер әр өңірден алып-ұшып жеткен. Олар бұрын университет қабырғасында бірге оқыған құрбы-құрдастарын көруге асық.
Әділбек Тұрғынбаев, ҚазГЗУ түлегі:
- Бізден кейін келе жатқан жастарға да мотивация деп айтуға болады. Алдында аға-әпкелерінің бар екенін сезіну. Бітіруші түлектердің заңгерлер қоғамының бар екенін сезіну де мотивация деп ойлаймын.
Кешке 200-ге жуық бітіруші келді. Жалпы, жоғарғы оқу орнын тәмамдағандар саны 30 мыңға жуық. Көпшілігі бүгінде әр кәсіптің белді иесі. Мемлекеттік қызметте де, құқық қорғау органдарында және басқа да салаларда жемісті еңбек етіп жүр. Олар жан-жақта жүргенімен, университет түлектерінің қауымдастығын құрған және корпоративтік қоры бар. «Бірақ, қайырымдылық балын өткізу ерекше идея болды», - дейді көпшілігі. Себебі, жекелей жәрдем еткеннен гөрі, жұмылып қолдау көрсетудің жүйелі жолын тапқандығын айтады.
Нұрлан Өтешов, ҚазГЗУ түлегі:
- Менің ойым, әр университеттің түлектері осылай бірігіп, нақты бір жүйелі түрде мәселелерді шешетін жолдарды іздеу керек. ҚазГЗУ соның тиімді жолын көрсетіп жатқанына біз өте қуанамыз.
Қайырымдылық балынан 3 млн. теңгеге жуық қаражат түсті. Бұл Қазақ гуманитарлық заң университетін таңдаған балалар үйінің түлектеріне шәкіртақы ретінде бөлінеді.
Нысаналы ЫҒЫЛ