Қылмыстық іс жүргізу түбейгелі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыстық іс жүргізу түбейгелі өзгереді

13.11.2017

Ендігіде тергеу органдары құпия тергеу жұмыстары жүргізілген азаматты хабардар етуге міндеттеледі. Осылайша, өзін аңдуды және қоңырауларының тыңдалуын негізсіз деп тапқан азаматтар құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алады. Бұл бастамалар қазір Мәжілісте қаралып жатқан «Құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту туралы» жаңа заң жобасында қамтылған. Кешенді заң жобасы Бурабайда арнайы ұйымдастырлған халықаралық конференцияда талқыланды. Оған Бас прокурор мен Жоғарғы сот және Конституциялық кеңестің төрағалары, сондай-ақ, Әділет министрі мен Қазақстандағы еуропалық кеңестің өкілдері қатысты. Заңда қылмыстық іс жүргізуді түбейгелі өзгертетін нормалар көп. Мысалы, куәландыру кепілі мен үлгілерді алу және құпия тергеу амалдары секілді бірнеше санкция прокуратура құзырынан  тергеу судьясының қарауына өтеді. Сондай-ақ, жаңа заң жобасында қамауда ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту көзделген. Ал, кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаларды ұстау мерзімі 24 сағаттан асырмау ұсынылған.

Айта кету керек, құқық қорғау қызметі негіздерін жаңғырту жөніндегі жаңа заң жобасы Президенттің тікелей тапсырмасымен әзірленді. 

 Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Президент бізге қылмыстық процеске қарапайым азамат пен құқық қорғаушылар көзімен қарап, заңнаманы жетілдіруді тапсырды. Заңда адвокаттардың құзыретін кеңейтіп, прокурорлардың кейбір әрекеттерін нақтылау туралы да нормалар бар. Жалпы, заңнамада әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесі ескерілді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу