Визалық режимді жеңілдету ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Визалық режимді жеңілдету ұсынылды

10.11.2017

Алдағы 5 жыл бойы елімізге 118 миллиард доллар инвестиция тартылуы керек. Бұл қаражаттың төрттен бір бөлігі өңдеу секторына құйылып, жалпы ішкі өнім көлемі артуы тиіс. Бұл туралы бүгін Сенатта айтылды. Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанға шетелден 10 миллиард доллар тартылды. Әсіресе, тау-кен, сауда, көлік және өңдеу секторына инвестициялық қызығушылық ерекше артып отыр. Депутаттар осы қарқынды одан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынысты ортаға салды.

Мәселен, инвестор айыппұлдарды өз еркімен төлеген кезде оны қылмыстық жауапкершіліктен босату, көші-қон және визалық режимді жеңілдету, жер учаскелерін беру рәсімін автоматтандыру секілді маңызды бастамалар көтерілді. Алдағы уақытта бұл өзгерістер заң жобасына енгізілуі мүмкін.

Асқар Бейсенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

 - Қазақстан Орталық Азия елдерінде экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша алдыңғы орындарды иеленді. Соңғы 25 жылда 270 млрд доллардан астам қаражат тартты. Белгілі инвесторлар елімізге салық қана төлемей, тапқан табыстарын қайта жұмсау арқылы шетелдік капиталдың елімізге жұмыс істеуіне жағдай туғызады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу