Өскеменде трамвай паркі жұмысын тоқтатуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде трамвай паркі жұмысын тоқтатуы мүмкін

08.11.2017

Өскеменде жақында трамвайлар жүрмей қалуы мүмкін. Кәсіпорынның «Шығысэнерготрейд» мекемесі алдындағы қарызы бүгінде 63 млн. теңгеге жеткен. Егер берешек 22 қарашаға дейін өтелмесе, энергиямен қамтамасыз етуші компания трамвай паркін электр қуатынан ажыратпақ. Бұл жөнінде ресми түрде кәсіпорын басшылығы мен қалалық әкімдікке ескертілген. Жалпы, қалада күнделікті трамвай қызметін 1300-1400 адам пайдаланады. Қазірде қала билігі көлік қатынасы саласында туындаған мәселені реттеуге күш салып жатыр. 

Ержан Қоңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

- Трамвай қарыздары үшін тоқтап қалса, бізде 7 автобус тасымалдаушылары бар. Сол тасымалдаушыларға сәйкес жүретін маршрут бойынша графиктерін көбейтеміз. Мүмкін ойланып, жаңа бір бағыт шығарамыз.

 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу