Басты Жаңалықтар Көкшетауда қар түскенде асфальт төселген

Көкшетауда қар түскенде асфальт төселген

Көкшетауда жаңбыр жауып, қар түскенде асфальт төселген. Жұмысшылардың бұл әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырды. Себебі, сапасыз асфальт қопарылып жатыр, «қыруар қаржы далаға кетті», - дейді ашынған жұрт. Биыл Көкшетауда бірнеше көпқабатты үйдің аулалары жөнделді, жұмысты мерзімінде аяқтап үлгермеген құрылысшылар ылғалды жерге жол салған. Құрылысшылардың заңсыз әрекетінен жергілікті билік хабардар. «Асфальт төсеу жұмыстары биылға тоқтатылды», -  дейді олар.   

Базаржан Бейсенов, қала тұрғыны:  

 - Асфальтты жаңбыр жауып, қар түскеннен кейін судың үстіне салды. Қазірдің өзінде басылып, үгітіліп жатыр. Ертең көктем кезінде тіптен отырып, ой болып қалады.

Асқарбек Тоқанов, мердігер компанияның өкілі:

- Халықтың сынына шара қабылдаймыз. Осы жетінің аяғына дейін айтылған сын бойынша жұмыс жасап, түзеп береміз.  

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Бөлісу