Қызылорда облысында «Елді мекендерді газдандыру» жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Осыған дейін 4 аудан орталығына газ құбыры тартылса, қазір Қармақшы ауданын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Жобаның алғашқы кезеңі үшін бюджеттен 555 миллион теңге бөлінген. Оған автономды газ тарату бекеті салынып, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырынан Жосалы кентіне дейін 15 шақырым жоғары қысымды бұрма құбыр жүргізіледі. Одан әрі тек аудан орталығы ғана емес, барлық ауылдардың тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді.
Нұрлан Шайменов, жоба жетекшісі:
- «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырынан Жосалыға дейін келетін құбырды осы жылдың аяғына дейін аяқтаймыз деп отырмыз. Мамыр айында автоматтандырылған газ тарату станциясы құрылып, газ келіп тұрады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ