Қызылордалық тұрғынның әлеуметтік желідегі жазбасы назар аудартты
Қызылорда қаласының тұрғыны Жанар Ізбасардың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшілік арасында үлкен резонанс тудырды. Айтуынша, өзі бұрын жұмыс істеген облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде оған қысым жасалған. Күш көрсетілген, дене жарақаты бар. Осыған орай, қазір сотқа дейінгі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қылмыстық іс облыс прокурорының бақылауында.
Нұркен Тұрғанбай, облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысының орынбасары:
- Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері жауап алу барысында тән зардабын көрсеткендігі жөнінде, өзінің сол жақ бұғанасының сынғандығы туралы көрсеткен азаматша Жанар Ізбасардың шағымы бойынша қазір қылмыстық іс қозғадық. ҚК 146-бабының 2-бөлігінің 1-3 тармақтарымен.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы