«Қазақстанның медиа кеңістігі: қазіргі заманғы шындық». Алматыда осындай атаумен сала мамандарының алқалы жиыны өтті.
Олар пікір бұрмалаушылық, саналы түрде жалған жазу және фейктердің кеңінен таралуы мәселесін қозғады. Бас редакторлар қазір қоғамда белең алған шындыққа жанаспайтын ақпарат таратуға жол бермеудің тетіктерін табуды ұсынды. Себебі, бұл күнделікті ақпарат тарататын сайттар мен әлеуметтік желілерде шынайы жаңалық жеткізетін кәсіби журналистердің жұмысына кедергі келтіріп отыр. Сондықтан, фейктерге тосқауыл қоятын ережелер енгізілуі тиіс.
Ерлан Бекхожин, Бас редакторлар клубының президенті:
- Фейктердің көптеп таралуынан дәстүрлі медиа нарыққа нұқсан келіп жатыр. Бұл БАҚ өкілдері мен кәсіби журналистерді алаңдатады. Кейбір елдерде басылымдар мен баспаларда фейктік ақпараттарды тарататын агенттіктер жұмыс істейді. Елімізде жалған ақпарат тарататын фейктерге тосқауыл қою керек.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ