Басты Жаңалықтар Астанадағы жастарға көмек беру орталығы 400-ден астам адамға қолдау танытқан

Астанадағы жастарға көмек беру орталығы 400-ден астам адамға қолдау танытқан

 

 

Биыл сәуір айынан бастап Астанадағы жастарға көмек беру орталығы 400-ден астам адамға қолдау танытқан. Бұл жөнінде Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері хабарлады.

 

Қала шетіндегі «Көк базардағы»  қабылдау орнында бірқатар мамандар күн сайын  мемлекеттік бағдарлама, жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесі,  заң, отбасы және адам құқығына қатысты сауалдарға жауап береді.

 

Бастысы - ақылы емес.  Келер жылы халық көп шоғырланған орындарда  мұндай  орталық санын көбейту жоспарланып отыр. 

 

Нұрбол Құрал, қала тұрғыны:

Кеңес орталығына келіп, өз мамандығым бойынша жұмыс таппақ ниеттемін. Мамандығым - дене шынықтыру мұғалімі. Мектептерге жолдама беріп жатыр. Сол жолдама арқылы жұмысқа орналасамын деген үміттемін. 

Бөлісу