Солтүстік Қазақстан облысында диқандар астықты өткізуге асығар емес
Солтүстік Қазақстан облысының диқандары астықты өткізуге асығар емес. Биыл өңір аграрилері 5 миллион тоннадан астам өнім жинап алғанымен, бірде-бірі бидайды «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қамбасына құйған жоқ.
Қазір қамбада өткен жылдардан қалған 300 мың тонна бидай бар. Бүгінге дейін корпорация диқандардан 40 мың теңгеден 60 мың тонна арпа сатып алды. «Ал, аграрилердің бидайды өткізбеу себебі әр түрлі болуы мүмкін», - дейді мамандар. Соның бірі - өнімді өз қамбаларында сақтап, көктемде баға өскен кезде, қымбатырақ сату. Тағы бір себебі - өнімнің сапасы корпорацияның сұранысына сай келмеуі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22