Шымкенттің экологиялық жағдайы нашар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттің экологиялық жағдайы нашар

31.10.2017

Шымкент еліміздегі экологиялық жағдайы нашар қалалардың қатарында. Ауасы лас аймақтардың ішінде түстіктегі шаһар 15 орында тұр. Мұндай проблема уран және цемент өндірісі, мұнай өңдеумен қатар, өзге де кәсіпорындардың көбеюі салдарынан туындап отыр. Бұған табиғат байлықтарын бей-берекет пайдалануды қосыңыз. Облыстық мамандандырылған соты биылғы 9 айдың өзінде қоршаған ортаға залал тигізген 19 жайтты әшкерлеген. Экологиялық ахуалға бейберекет қараған өндіріс орындарынан 42 млн. теңге айыппұл өндірілді. Әкімшілік жазаға тартылғандар да жетерлік. Осыған байланысты сот және прокуратура орындары еліміздегі табиғатты қорғау заңдары аясында бірлесіп әрекет етпек.   

Клара Жаппасова, облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының судьясы:

- Әкімшілік істерге келсек, өткен жылы 31 іс қаралаған. 31 құқықбұзушылыққа қатысты 8 миллионнен аса айыппұл өндіріліген. Биылғы жылдың 9 айында 5 тұлғаға қатысты іс қаралып, 4 миллион айыппұл өндірілді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу